Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық студент қыз Италияда мерт болды

Жарияланған күні:

Полицей көлігі
Полицей көлігі. Көрнекі фото: Рexels.com

Италияда қазақстандық қыз қайтыс болды. Оны сейсенбі, 17 қаңтар күні кешке Салерно қаласында көлік қағып кеткен, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ L'Occhio di Salerno басылымына сілтеме жасап.

Онлайн-газеттің мәліметінше, бойжеткеннің есімі – Әсем Жарбосын. 27 жастағы ару Италиядағы Салерно университетінің докторанты болған.

Басылымның хабарлауынша, оны сұр түсті Peugeot 308 көлігі Верди театрынан бірнеше метр жердегі жаяу жүргіншілер өткелінде қағып кеткен. Көлік рулінде 20 жастағы жігіт болған, ол дереу дәрігерлерді шақырған. Бірақ алған соққының ауырлығынан Әсем жедел жәрдем келгенше көз жұмған.

Басылым полицейлердің оқыс оқиғаға қатысты тергеуді бастағанын атап өтті. Сондай-ақ оқыс оқиға болған аудан бірден қоршалып, жол-көлік оқиғасы болған көше де жаяу жүргіншілер мен көлік жүргізушілер үшін жабылған.

Бойжеткен оқыған Салерно университеті оның қазасына байланысты көңіл айтты.

"Салерно университетінің ректоры Винченцо Лойя және барша қауымдастық Әсем Жарбосынның қайтыс болуына байланысты қайғырып, көңіл айтады. Университет оның отбасы мен жақындарының қайғысына ортақ", – делінген хабарламада.

Қазақстан Сыртқы істер министрлігі NUR.KZ тілшісіне қазақстандықтың арудың қазасы туралы ақпаратты растады.

"Қазір оның денесін Қазақстанға жіберу жұмыстары жүріп жатыр. Туыстарымен байланыстамыз", – дейді ведомствоның ресми өкілі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2005947-qazaqstandyq-student-qyz-italiyada-mert-boldy/