Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қонаевта киім дүкенінен өрт шықты (видео)

Опубликовано:

Қонаевтағы өрт
Қонаевтағы өрт. Видеодан кадр: instagram.com/o7en.kz

Қонаев қаласында киім дүкенінен өрт шықты. Қызыл жалын үлкен аумаққа таралып үлгерген. Бұл туралы Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.

Облыстық ТЖД мәліметінше, Қонаев қаласындағы төртінші шағын ауданда дүкен жанып жатқаны туралы хабарлама 24 қаңтар күні сағат 10:33-те келіп түскен.

Оқиға орнына дереу қажетті күштер мен құралдар жіберілген. Белгілі болғандай, жалпы ауданы 102 шаршы метр болатын киім дүкені өртке оранған.

"Өртке қарсы қызметтердің қабылданған шараларының арқасында өрт сағат 10:54-те оқшауланып, сағат 11:43-те сөндірілді. Өрттің үлкен аумаққа таралуына 101 желісіне кеш хабарлануы себеп болды. Өрттің себебі анықталуда", - делінген хабарламада.

Өртті сөндіруге 16 қызметкер және 6 ТЖД техникасы жұмылдырылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2006562-qonaevta-kiim-dukeninen-ort-syqty-video/

pixel