Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Петропавл – Алматы бағытындағы жолаушылар пойызынан жолда өрт шықты

Жарияланған күні:

Пойыз
Пойыз. Фото: "ҚТЖ" ҰК" АҚ

3 ақпан күні кешке Петропавл – Алматы бағытындағы жолаушылар пойызынан өрт шықты. Пойыз Қарағанды ​​облысында тоқтатылды. Бұл туралы "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ ресми сайтында хабарланды.

Ұлттық компанияның хабарлауынша, 3 ақпан күні кешкі сағат 21.57-де Қарағанды облысының Аршалы – Анар учаскесінде құрамның соңында орналасқан техникалық вагоннан өрт шығып, №105/106 "Петропавл – Алматы" пойызының қозғалысы тоқтатылған.

"Пойызда 235 жолаушы, құрбан болған және зардап шеккендер жоқ. Өрт сөндірілді", – дейді ҚТЖ.

Жолаушыларды ауыстыру және Алматы станциясына дейін жеткізу үшін Астанадан жеті купелі және бір плацкарттық вагоннан тұратын бір реттік пойыз жөнелтілген.

"ҚТЖ" ҰК" АҚ арнайы құрылған комиссиясы болған оқиғаның себептерін тексеруде.

"Стандартты вагондардан жасақталған пойызда сапарлаған жолаушыларға Жолаушыларды, багажды, жүк-багажды және теміржол көлігімен пошта жөнелтілімдерін тасымалдау қағидаларына сәйкес белгіленген тәртіппен жол жүру құнының айырмасы төленетін болады", – деп түсіндірді компания өкілдері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2008035-petropavl-almaty-bagytyndagy-zolausylar-poiyzynan-zolda-ort-syqty/