Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Семейде тұрғын үйлер, аулалар мен көшелер ағынды судың астында қалды (видео)

Жарияланған күні:

Семейдегі төтенше жағдай
Әскери қызметкерлер Семейдегі ТЖ салдарымен күресуде. Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

Дүйсенбі, 6 ақпанда Семейдегі кәріз дюкерінің бітелуіне байланысты көше, 16 аула және 6 үй ағынды судың астында қалды. Төтенше жағдайлар министрлігі апаттың салдарымен қалай күресіп жатқанын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Семейде түсірілген кадрлар Instagram желісі және Telegram-арналарда пайда болды. Жарияланған бейнежазбаларда Би-Боранбай көшесінің адам жүретін бөлігін кәріз суының басқанын көруге болады. Су тұрғындардың тұрғын үйлері мен аулаларына да жетті.

ТЖМ ресми сайтында дүйсенбі, 6 ақпан күні сағат 18.02-де Семей қаласындағы көшелердің бірінде Д-1000 мм құбыры кәріз дюкері бітеліп қалғанын хабарлады.

"Апат болған сәттен бастап коммуналдық қызметтер автомобиль жолы мен жеке тұрғын үй секторының бойын үйіндімен бекіту жұмыстарын бастады, сондай-ақ жеке сектордың аула аумақтарына кірген ағынды суды сорып шығару жұмыстарын жүргізді.

Сонымен қатар, кәріз суы деңгейінің көтерілуі жалғаса бергендіктен, қосымша күштер мен құралдарды қалыптастыру қажеттілігі туындады", - делінген хабарламада.

Жедел штаб ұйымдастырылып, Абай облысы ТЖ департаментінің күштері мен құралдары және ТЖМ 68303 әскери бөлімінің әскери қызметшілері оқиға орнына аттанды.

"7 ақпандағы жағдай бойынша, оқиға орнында топырақ себу, сондай-ақ кәріз қалдықтарын сорып шығару жұмыстары жүргізілуде. 16 аула мен 6 үйге су кірді.

ТЖМ 68303 әскери бөлімі әскери қызметшілерінің күшімен судың үйлерге қайта кіруіне жол бермеу мақсатында инертті материалдар салынған 600 данадан астам қап төселді. Қаптарды төсеу жұмыстары жалғасуда", — делінген ТЖМ хабарламасында.

Апатты жоюға әкімдіктен, ТЖД, ТЖМ 68303 әскери бөлімінен 115 адам және 46 техника жұмылдырылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2008303-semeidegi-turgyn-uiler-aulalar-men-koseler-agyndy-sudyn-astynda-qaldy-video/