Қостанай облысында жол апатынан егіз балалар мен анасы көз жұмды
Жарияланған күні:
Қостанай облысында жантүршігерлік жол апаты болып, салдарынан үш адам қаза тапты, оның екеуі бала, деп хабарлайды ІІМ Telegram арнасында.
Полицияның ақпаратынша, жол апаты бүгін, 7 ақпанда Қостанай-Қарабұтақ тас жолының 470 шақырымында болды.
"JAC S3 автокөлігінің жүргізушісі алдындағы көлікті басып озғысы келіп, қауіпсіздікке көз жеткізбестен. қарсы қозғалыс жолағына шығып, ауыр жүк көлігімен бетпе-бет соқтығысқан", - делінген хабарламада.
Салдарынан 3 адам қаза тапты: 9 жастағы егіз балалар және олардың 33 жастағы анасы.
Қазіргі уақытта факті бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігі (Жол жүру ережелерін бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Осы орайда полиция қызметкерлері жүргізушілерден жол ережелерін сақтауды сұрады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2008459-qostanai-oblysynda-zol-apatynan-egiz-balalar-men-anasy-koz-zumdy/