Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өскемен – Рахманов қайнары тас жолындағы жол апатынан үш адам мерт болды

Жарияланған күні:

Өскемен – Рахманов қайнары тас жолындағы ЖКО
Жол апаты. Фото: Т.me/POLICE_of_KZ

Өскемен – Рахманов қайнары тас жолында жол-көлік оқиғасы болды. Апат салдарынан үш адам, оның ішінде кәмелетке толмаған бала қаза тапты, деп хабарлайды Polisia.kz сайтының ресми Telegram-арнасы.

Полицияның хабарлауынша, оқиға 13 ақпан күні Өскемен – Рахман қайнары республикалық маңызы бар автожолында болған.

Топқайын және Катонқарағай ауылдары арасында ВАЗ-2108 және Lada Granta автомобильдері қақтығысқан.

"Салдарынан ВАЗ-2108 көлігінде болған 87 жастағы жолаушы оқиға орнында мерт болды. ВАЗ-2018 көлігінің 19 жастағы жүргізушісі және Lada Granta-дағы кәмелетке толмаған жолаушы Катонқарағайдағы ауруханада көз жұмды", – делінген хабарламада.

Қылмыстық Кодекстің 345-бабы, 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды.

Мамандар бірқатар сот сараптамалары тағайындалғанын, олардың нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданатынын айтты.

ҚПК-нің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге деректері жария етуге жатпайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2009230-oskemen-raxmanov-qainary-tas-zolyndagy-zol-apatynan-us-adam-mert-boldy/