Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақмола облысында жүк пойызы мен жеңіл көлік соқтығысып, үш адам қаза болды

Жарияланған күні:

Ақмола облысында минивэн жүк пойызы соқтығысқан жер
Ақмола облысында минивэн жүк пойызы соқтығысқан жер. Оқиға орнынан фото: t.me/POLICE_of_KZ

Ақмола облысында минивэн мен жүк пойызы соқтығысып, салдарынан үш адам мерт болды, деп хабарлайды Telegram-дағы "ҚР ІІМ жаңалықтары" арнасы.

Полицияның мәліметінше, жол апаты 20 ақпан күні Шортанды ауылындағы орталық өткелде болған.

Яғни, осы жерде 46 жастағы Новокубанка ауылының тұрғыны басқарған Jiefang автокөлігі мен Бурабай-Астана жүк пойызы соқтығысқан.

Салдарынан оқиға орнында минивэннің жүргізушісі мен екі жолаушысы көз жұмған. Олардың бірі 1975 жылы туған әйел, ал екіншісі 1985 жылғы ер адам. Екеуі де Астана қаласының тұрғындары.

Тағы үш жолаушы аудандық орталық ауруханаға жеткізілген.

Алдын ала анықталғандай, минивэн жүргізушісі шлагбаумды айналып өтіп, бағдаршамның тыйым салатын сигналына қарамай, теміржол жолымен жүріп өтпекші болған.

Полиция қазір таңда бұл фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталғанын атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2010053-aqmola-oblysynda-zuk-poiyzy-men-zenil-kolik-soqtygysyp-us-adam-qaza-boldy/