Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қостанай облысында ауа райының қолайсыздығынан бірнеше көлік жол бойында тұрып қалды (фото)

Жарияланған күні:

Көліктер
Қостанай облысындағы тұрып қалған көліктер. Фото: t.me/qr_tjm

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Қостанай облысындағы Әулиекөл, Октябрь ауылдарынан шыға берісте жүк және жеңіл көліктер тұрып қалған, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігі ресми сайтында.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, 2023 жылғы 28 ақпанда Қостанай облысының Меңдіқара, Әулиекөл және Қарасу аудандарында ауа райының бұзылуына және автожолдардың жабылуына байланысты Әулиекөл және Октябрь ауылдарынан шыға берісінде 41 жеңіл, 123 жүк автокөлігі тұрып қалған.

"Төтенше жағдайлар департаменті жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, көлік жиналған жерлерден 2 жылыту пунктіне, атап айтқанда Қарасу ауданы Октябрьское және Әулиекөл ауданы Әулиекөл ауылының мектептеріне 14 адам, оның ішінде 3 бала эвакуацияланып, орналастырылды" - деп хабарлайды облыстық ТЖД өкілдері.

Сонымен қатар ТЖМ өкілдері республикалық маңызы бар жолдардың 2 учаскесінде, облыстық маңызы бар жолдардың 14 учаскесінде қозғалыс жабық екенін атап өтті.

"Ұялы байланыс операторлары арқылы ауа райының нашарлауы туралы SMS-хабарламалар, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілер арқылы алдын ала жіберілді.

Жергілікті полицияның 44 қызметкері және 18 бірлік техника 18 блок бекетте кезекшілік ұйымдастырды, 823 төсек-орынға 21 жылыту пункті дайындалды" - делінген ведомство хабарламасында.

Сондай-ақ облыстық төтенше жағдайлар департаменті облыстық жедел штабтың жұмысын ұйымдастырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2011161-qostanai-oblysynda-aua-raiynyn-qolaisyzdygynan-birnese-kolik-zol-boiynda-turyp-qaldy-foto/