Ақтөбе облысында локомотив пен жолаушылар пойызы соқтығысты: полиция қылмыстық іс қозғады
Жарияланған күні:
Бүгін Ақтөбе облысының Біршоғыр станциясында маневрлық локомотив Бішкек-Самара бағытындағы жолаушылар пойызымен соқтығысқан еді. Осыған байланысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі Telegram арнасында хабарлады.
Маневрлік локомотив пен жолаушылар пойызы 5 наурыз күні сағат 10:20 шамасында соқтығысқан.
Полицияның хабарлауынша, аталған дерек Қандыағаш станциясындағы Желілік полиция бөлімінің сотқа дейінгі тергеп-тексерудің біріңғай тізіліміне Қылмыстық кодекстің 344-бабы 1-бөлігі "Темiржол көлiгi жүрісі немесе оларды пайдалану қауіпсіздігі қағидаларын бұзу" бойынша тіркелді.
"Зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады ведомстводан.
Өзге ақпараттар Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының талаптарына сәйкес жария етілмейді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2011796-aqtobe-oblysynda-lokomotiv-pen-zolausylar-poiyzy-soqtygysty-policiya-qylmystyq-is-qozgady/