Қызылорда облысындағы Жалағаш – Жосалы жолы жабылды (видео)
Жарияланған күні:
Жолаушылардың қауіпсіздігі үшін Қызылорда облысындағы Жалағаш – Жосалы жолы жабылды, деп хабарлайды "Ақмешіт жастары" басылымы.
Басылымның жазуынша, Сырдария өзенінен көп мөлшерде су өтуіне байланысты, келген су өзен арнасынан асып Қармақшы ауданы, Қызылтам елдімекені тұсындағы Далдабай, Қызылтам жолының су жайылған.
Жолаушылардың қауіпсіздігі үшін облыстық маңызы бар "Жалағаш – Жосалы" бағытындағы (Жосалыдан 43 км, Жалағаштан бері 31 км, Далдабай мен Қызылтам елді мекендерінің арасы) жол уақытша жабылды.
"Елді мекендерге ешқандай қауіп жоқ. Қазір жауапты салалармен арнайы жұмыстар жүргізіліп, жағдай толық бақылауға алынғанын хабарлаймыз. Аталған жол республикалық маңызы бар үлкен трасса емес, екі елді мекенді байланыстыратын жол екенін еске саламыз", – делінген басылым хабарламасында.
Қызылтам елді мекеніне Қармақшы, ал Далдабай елді мекеніне Жалағаш ауданы жағынан баратын ішкі жол бар. Сол себептен оның үлкен жол қатынасына кедергі келтірмейтіндігі айтылған.
Айта кету керек, дария бетіндегі сең Қармақшы ауданы тұсына жеткен.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2012082-qyzylorda-oblysyndagy-zalagas-zosaly-zoly-zabyldy-video/