Шахтинскідегі жаппай төбелес салдарынан полиция қызметкері әуеге оқ атуға мәжбүр болды (видео)
Жарияланған күні:
22 наурызда Қарағанды облысының Шахтинск қаласында жаппай төбелес болған. Төбелесті тоқтату үшін полицейлер аспанға оқ атуға мәжбүр болды, деп хабарлайды eKaraganda сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Бір топ ер адамның төбелесі бейнеленген видео Instagram желісіндегі қарағандылық пабликтердің бірінде пайда болды. Кадрдан полицейлерді де байқауға болады, сондай-ақ бір-бірімен жанжалдасқан бірнеше ер адамның айқайлаған дауысы естіледі.
Бұл жайтқа қатысты пікір білдірген Қарағанды облысы полиция департаментінің мәліметінше, 22 наурыз күні сағат 23:50-де Шахтинск полициясының кезекші бөліміне түнгі клубтың жанында жанжал шыққаны туралы хабарлама келіп түскен.
Дереу оқиға орнына жақын маңдағы полиция жасақтары барған. Олар сол жерде белгісіз тұлғалар арасында төбелес болып жатқанын анықтаған.
"Заңсыз әрекеттердің алдын алу, сондай-ақ ауыр зардаптарға жол бермеу мақсатында полиция қызметкерлерінің бірі әуеге ескерту ретінде оқ атқан", - деп хабардар етті құзырлы органның баспасөз қызметінен.
Оқиғаға қатысушылар полиция бөліміне жеткізілген.
Ведомствоның баспасөз қызметі аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 293-бабы 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс тіркеліп, тергеу амалдары жүріп жатқанын атап өтті.
Ескерту! Видеода бейәдеп сөздер бар.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2013884-saxtinskide-zappai-tobeles-saldarynan-policiya-qyzmetkerleri-auege-oq-atuga-mazbur-boldy-video/