Қарағандыда 7 жасар баланың үстіне футбол қақпасы құлап кетті
Жарияланған күні:
Қарағандыда бір үйдің ауласында балалармен доп ойнап жүрген жеті жасар баланың үстіне футбол қақпасы құлап кетті. Баланың аяғы сынған, деп хабарлайды eKaraganda сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Басылымның мәліметінше, бұл жағдай 24 наурызда болған. Пришахтинск қаласындағы Зелинский көшесіндегі үйлердің бірінің ауласында нашар бекітілген футбол қақпасы балалармен доп ойнап жүрген баланың үстіне құлап кеткен. Оқиға салдарынан баланың аяғы сынған.
Әлихан Бөкейхан атындағы аудан әкімдігінің басылымға берген ақпаратынша, былтыр бұл футбол қақпалары қосымша қатайтылған, алайда бір жыл өткенде тағы да жарамсыз болып қалған. Шенеуніктердің айтуынша, қалада спорт жабдықтары мен балаларға арналған аттракциондарды тексеру жұмыстары басталып кеткен.
"Зелинский көшесінің бойында құлаған футбол қақпасына қатысты мынаны хабарлаймыз: бұл футбол алаңы 2020 жылы аула аумағын жан-жақты абаттандыру кезінде қалпына келтірілген. Қазіргі уақытта көктемгі-жазғы кезеңнің басталуына байланысты қайта жөндеу жұмыстары басталды. Аулаларда орналасқан футбол қақпаларын қатайтылып және басқа да балалар және спорт алаңдары тексеру және қосымша нығайту жұмыстары жүреді", - деді әкімдік өкілдері.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2015297-qaragandyda-balanyn-ustine-futbol-qaqpasy-qulap-ketti/