Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодар облысында жүк пойызы 7 жылқыны қағып кетті

Жарияланған күні:

Павлодар облысында пойыз астында қалған жылқылар
Павлодардағы жол апаты. Фото: Polisia.kz

Павлодар облысында жүк пойызы жеті жылқыны қағып кетті, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицияның хабарлауынша, жексенбі, 16 сәуір түнде Павлодар облысының Екібастұз-1 өткелінің 303-шақырымында жүк пойызының машинисі темір жолда жылқылар болғандықтан шұғыл тежеуді қолданған. Дегенмен, соқтығысудың алдын алу мүмкін болмағандықтан жеті жылқы пойыз астында қалған.

"Пойыздың тұрағы 1 сағат 33 минутты құрады. Павлодар станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жылқының теміржол бойына шығуына жол берген Екібастұз қаласының 41 жастағы тұрғынын анықтады", – делінген хабарламада.

Құқық бұзушыға қатысты ӘҚБтК-нің 559-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2017131-pavlodar-oblysynda-zuk-poiyzy-7-zylqyny-qagyp-ketti/