Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында жантүршігерлік жол апатынан үш адам қаза тапты

Жарияланған күні:

жол апаты
Жол белгісі. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Түркістан облысында жол-көлік оқиғасы салдарынан үш адам қаза тапты. Қазіргі уақытта тергеу жүргізілуде, деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысы Отырар ауданының Төрткөл-Шәуілдер-Түркістан-Кентау тас жолында Nexia маркалы автомобиль мен жүк автокөлігі соқтығысқаны анықталды. Апат салдарынан Nexia жүргізушісі мен оның екі жолаушысы оқиға орнында қаза тапты.

Сонымен қатар осы автокөліктің бір жолаушысы дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді.

Бұл жайт Қылмыстық кодекстің 345-бабы "Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүру немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы" бойынша тіркелді. Сараптама тағайындалды, барлық жағдайлар анықталуда.

Тәртіп сақшылары жүргізушілер мен облыс тұрғындарын жол қозғалысы ережелері мен жол белгілерінің талаптарын сақтауға, жылдамдықты асырмауға және өз өмірі мен жолаушылардың өмірін сақтап қалу үшін қауіпсіздік шараларын қатаң қолдануға шақырады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2017887-turkistan-oblysynda-zantursigerlik-zol-apatynan-us-adam-qaza-tapty/