Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Екібастұздағы зират маңынан полиэтилен қапшыққа салынған адамның мәйіті табылды

Жарияланған күні:

Қылмыс орны
Қылмыс орны. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Екібастұз қаласындағы зират маңынан полиэтилен қапшыққа салынған адамның мәйіті табылды. Полициця қызметкерлрі марқұмның жеке басын анықтау үшін көмек сұрап отыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Telegram-дағы "ҚР ІІМ жаңалықтары" арнасына сілтеме жасап.

Павлодар облыстық полиция департаметінің мәліметінше, 24 сәуірде Екібастұз қаласындағы Нұралин көшесінде орналасқан ескі зираттың кіреберісінде, еріген қар суының арасынан полиэтилен қапшыққа салынған адамның мәйіті табылған.

Бұл факті бойынша қазіргі таңда Қылмыстық кодекстің 99-бабы ("Адам өлтіру") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған. Сондай-ақ сот-медициналық сараптама тағайындалған.

Марқұмның үстінде "Челси" футбол командасының эмблемасы бар Adidas фирмасының көк түсті футболкасы, Nike фирмасының эмблемасы бар қара түсті спорттық шалбар, сұр жолақтары бар қара түсті күртеше және қара түсті шұлықтар болған.

Осы орайда Павлодар облыстық ПД қаза болған адамың жеке басын анықтауға көмек көрсетуді сұрайды.

"Қандай да бір ақпарат білетін кез келген адамды төмендегі байланыс телефондары арқылы хабарласуын сұраймыз:

Екібастұз қ. ПБ кезекші бөлімі: 8 (7187) 75-06-06, 75-05-54, 75-05-45. Қылмыстық полиция бөлімі: 8-776-269-41-28, 8-775-334-57-95 немесе 102 телефоны бойынша", - делінген полиция хабарламасында.

Айта кетелік, бұған дейін Көкшетаудағы ескі зират маңынан қапшыққа салынған адам сүйектері табылған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2018353-ekibastuzdagy-zirat-manynan-polietilen-qapsyqqa-salyngan-er-adamnyn-maiiti-tabyldy/