Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылжардағы Тереңкөл көлінде балықтар жаппай қырылып қалған

Жарияланған күні:

Қырылып қалған балықтар
Қырылып қалған балықтар. Көрнекі фото: astanatv.kz

Қызылжар өңіріндегі Тереңкөл көлінде бір центнерден астам балық қырылып қалған. Жергілікті тұрғындар олардың су жағасында жатқанын көріп, құзырлы органдарға хабарласқан, деп хабарлайды Астана арнасы.

Телеарна мәліметінше, Қызылжар өңіріндегі жергілікті тұрғындар құзырлы органдарға хабарласқаннан кейін сала мамандары тексеріс жүргізіп, көлдің негізгі фаунасы тірі екенін анықтаған.

Сонымен қатар мөңке балығынан сынама алып, сараптамаға жіберген. Төтенше жағдайдың нақты себебі сараптама қорытындысы шыққан соң белгілі болмақ.

"Оқиға орнына бірден жауапты орган өкілдерінен құрылған жұмыс тобы жетті. Балықтың қырылу себебі анықталады. Алдын ала болжам бойынша су маржандары ауа жетпей тұншыққан. Өйткені көл өте таяз, тереңдігі 1.5 метр ғана. Ол қыста толықтай қатып қалған", - дейді "Есіл" облысаралық бассейндік балық шарушылығы инспекциясы бөлімінің басшысы. Ильдар Кәкімов.

Телеарна келтірген дерекке сүйенсек, аталған аймақта шамамен 500 табиғи су қоймасы бар. Оның 25 пайызын жалға алушылар пайдаланып отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2018413-qyzylzardagy-terenkol-kolinde-balyqtar-zappai-qyrylyp-qalgan/