Қызылорда облысында жасөспірім жол апатын жасады: бір адам қаза тауып, тағы үшеуі зардап шекті
Жарияланған күні:
Қызылорда облысында адам өліміне әкеп соққан жол апаты болды. Toyota көлігін 17 жастағы жасөспірім басқарған. Бұл туралы "ҚР ІІМ жаңалықтарының" Telegram-арнасында хабарланды.
Құқық қорғаушылардың мәліметінше, 4 мамыр күні Қызылорда облысы Шиелі кентінде 17 жастағы тұрғын Toyota автокөлігінің басқару жүйесіне ие бола алмай, жол-көлік оқиғасын жасаған.
"Жол апаты салдарынан бір жолаушы көз жұмып, жүргізушімен қоса қалғанда үшеуі жарақат алды", – делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің 345-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр. Тиісті сот сараптамалары тағайындалды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2019446-qyzylorda-oblysynda-zasospirim-zol-apatyn-zasady-bir-adam-qaza-tauyp-tagy-useui-zardap-sekti/