Алматы қаласындағы табиғи өрт оқшауланды
Жарияланған күні:
Алматы қаласындағы Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында тау баурайында болған өрт оқшауланды, деп хабарлайды ТЖМ Telegram-дағы ресми арнасында.
Ведомство мәліметінше, өрт кезінде күштер мен құралдарды топтастыру жоғары дәрежеде жүргізілген.
"Өртті сөндіру үшін "Қазавиақұтқарудың" екі тікұшағы, сондай-ақ Алматы қаласы әкімдігінің Құтқару қызметінің тікұшағы жұмылдырылды.
Өрт ошақтарына 34 (102 тонна) рет су шашылды", - делінген ресми хабарламада.
Сонымен қатар ТЖМ оқиға орнында Алматы қаласы ТЖД 62 жеке құрамы мен 5 бірлік техника, сондай-ақ МҰТП 56 қызметкері жұмыс істегенін атап өтті.
Бұған қоса төтенше жағдайды жою аймағында жедел штабтың жұмысы ұйымдастырылған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2019813-almaty-qalasyndagy-tabigi-ort-oqsaulandy/