Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Теміртауда 12 жастағы баланың үстіне футбол қақпасы құлап кетті

Жарияланған күні:

футбол қақпасы
Футбол қақпасы. Көрнекі фото: pixabay.com

Қарағанды ​​облысы Теміртау қаласындағы стадиондардың бірінде футбол қақпасы құлап, бала бас жарақатын алған. Бұл туралы ekaraganda.kz сайты хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Басылым мәліметінше, оқыс оқиға кеше Теміртау қаласының Металлургтер стадионында болған. 12 жастағы жасөспірім футбол алаңында ойнап жүрген кезде оның үстіне футбол қақпасы құлап кеткен. Желіде жарияланған видеода баланың басы қан болғаны көрсетіледі.

Басылымның хабарлауынша, зардап шеккен жасөспірім ата-анасының көмегімен қаланың Орталық ауруханасы қабылдау-диагностика бөлімінің травматология бөліміне жеткізілген.

Қарағанды ​​облысының Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, ауруханаға түскен кезде баланың жағдайы қанағаттанарлық болған.

"Алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, алғашқы хирургиялық ем-шаралар қолданылған. Кейін Мақажанов атындағы көпсалалы емханаға қайта бағыттаған. Диагноз: желке аймағының көгерген жарасы.Тексеруден кейін бала амбулаторлық емдеуге жіберілді", - деп жазады басылым.

Теміртау қаласының әкімдігі бұл футбол алаңы және тағы осындай бірнеше футбол алаңы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің балансында екенін айтты.

Қарағанды ​​облысының полиция департаменті оқиға бойынша факті тіркелгенін хабарлады. Олардың айтуынша, сараптамалар тағайындалып, оның қорытындысы бойынша шешім қабылданады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2020040-temirtauda-12-zasar-balanyn-ustine-futbol-qaqpasy-qulap-ketti/