Атырау облысында әскерден енді келген жігіт қаза тапты
Жарияланған күні:
Атырау облысында әскерден жақында оралған жігіт табиғат аясындағы демалыстан кейін қаза тапты. Қайғылы оқиға мамырдың 7-нен 8-іне қараған түні Индер ауданы Жарсуат ауылының маңында болған, деп хабарлайды "Ақ Жайық" басылымы.
Басылым мәліметінше, Индер ауданындағы Индербор кенті мен Жарсуат ауылы жастары табиғат аясына демалуға шыққан. Не себепті екені белгісіз, жастар арасында өзара келіспеушілік туындаған.
Басылымның жазуынша, демалыс орнынан тарағаннан кейін жігіттер арасындағы жанжал Жарсуат ауылының шетінде жалғасқан. Жанжалдың соңында жақында әскерден келген 19 жастағы тұрғыны пышақ жарақатынан қайтыс болды.
Полиция осы оқиғаға байланысты тергеп-тексеру амалдарын жүргізіп жатыр. Күдікті ретінде Индербор кентінің 19 жастағы тұрғыны ұсталып, соттың санкциясымен екі айға уақытша тергеу изоляторына қамауға алынды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2020307-atyrau-oblysynda-askerden-endi-kelgen-zigit-qaza-tapty/