Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Абайсызда өз әріптесіне оқ атқан": Алматыда полицей көз жұмды

Жарияланған күні:

Читать на русском
Тапанша
Тапанша. Көрнекі фото: pixabay.com

Алматыда полицей басына оқ тиіп, мерт болды. Бұл дерек бойынша тергеу басталды, деп хабарлайды ІІМ Telegram-дағы өзінің ресми жаңалықтар арнасында.

"Алматы қаласы ПД 5 маусымда полиция қызметкері қызметтік қарумен абайсызда өз әріптесіне оқ атқанын, ол алған жарақаты салдарынан қайтыс болғанын хабарлайды.

Аталған дерек ҚР ҚК-нің 104-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалды", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Қылмыстық кодекстің 104-бабы бойынша ("Абайсызда қазаға ұшырату") үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеу не сол мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2023402-abaisyzda-oz-ariptesine-oq-atqan-almatyda-policei-koz-zumdy/