Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылордада қураған ағаштар өртенді (видео)

Жарияланған күні:

Қызылордадағы өрт
Қызылордада қупаған ағаштар өртенді. Видеодан кадр: instagram.com/kyzylordatoday

Бүгін Қызылордада қураған ағаштар өртеніп, өрт аумағы 5 гектар аумаққа тарады. Өрт сөндірушілер жалынды сөндіріп жатыр. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ облыстың Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне cілтеме жасап хабарлайды.

Бүгін оқиға орнынан түсірілген видео Instagram желісіндегі kyzylordatoday паблигінде жарияланды. Жарияланған видеода жалынмен қатар түтіннің көтеріліп жатқаны байқалады. Өрт жол бойына жақын жерге дейін жайылған.

Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаменті хабарлауынша, өрт бүгін, 12 маусым күні сағат 14:50 шамасында шыққан.

"Қызылордада Наурыз кентінің аумағында, Шіркейлі каналының жағасында қураған ағаш өрті шықты. Өрт аумағы 5 гектарды құрады", - деді ТЖД өкілдері.

Ведомство мәліметінше, өртті сөндіруге 21 адам мен 4 техника жұмылдырылған. Оқиға орнында штаб құрылды.

Құтқарушылар облыс тұрғындарын табиғатта, көшеде, үйде өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау керектігін ескертті.

Айта кету керек, қазіргі уақытта Абай облысында өрт сөндірушілер ірі өртті тоқтату жұмыстарын жалғастырып жатыр. Соған байланысты ТЖМ жаңа басшысы Абай облысындағы орман өрті қалай сөндіріліп жатқанын айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2024446-qyzylordada-quragan-agastar-ortendi-video/