БҚО-да жылқы мен жеңіл көлік соқтығысып, бір адам қаза болды
Жарияланған күні:
БҚО-да жеңіл көлік пен жылқы соқтығысып, салдарынан бір адам көз жұмды. Бұл туралы ІІМ-нің Telegram-дағы ресми жаңалықтар арнасында хабарланды.
Полицейлердің мәліметінше, 13 маусым күні таңертең 05:20 шамасында Казталов аудандық полиция басқармасына Казталовка-Жәнібек автожолының 18 шақырымында жол апаты болғаны туралы хабарлама келіп түскен.
Анықталғандай Lada-2110 автокөлігінің жүргізушісі жылқымен соқтығысқан. Салдарынан 30 жастағы жүргізуші оқиға орнында көз жұмған.
Қазіргі таңда бұл факті бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған.
Сондай-ақ полиция қызметкерлері жылқының иесі Казталов ауданына қарасты Бірік ауылының 35 жастағы тұрғыны екенін де анықтаған.
"Оған қатысты ҚР ӘҚБтК 408-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Бұдан бөлек қазір жылқы иесіне қатысты шешім қабылдау бойынша ветеринариялық инспекцияға жіберу үшін ҚР ӘҚБтК 406 бабы бойынша материал жиналақталады", - деп хабардар етті құзырлы орган өкілдері.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2024594-bqo-da-zylqy-men-zenil-kolik-soqtygysyp-bir-adam-qaza-boldy/