Маңғыстау облысындағы жантүршігерлік апаттан бірден 10 адам қаза тапты (видео)
Жарияланған күні:
Читать на русском16 маусым күні кешке Маңғыстау облысындағы Жаңаөзен-Кендірлі тас жолында жантүршігерлік жол-көлік апаты болды. Салдарынан 10 адам қаза тапқан, оның бесеуі бала, деп хабарлайды Lada.kz.
Басылымның хабарлауынша, әуелі оқиға туралы блогер Азамат Сәрсенбаев хабарлаған. Оның айтуынша, Жаңаөзен-Кендірлі тас жолында Toyota Camry және Renault Duster көлігі 16 маусым күні кешкі сағат 20:00 шамасында бетпе-бет соқтығысып, салдарынан екі отбасы қаза тапқан.
Әлеуметтік желіде оқиға орнынан түсірілген видео пайда болды. Видеода екі көліктің жолдың екі жағына шығып кеткенін көруге болады. Екі көліктің де алдыңғы бөліктері сынған және басқа да зақым келген.
Кейін қайғылы оқиға туралы ақпаратты облыстық полиция департаменті де растады.
Апат салдарынан бес ересек және бес кәмелетке толмаған жасөспірім көз жұмғаны белгілі болды.
Облыстық полиция басшысы Аян Дүйсембаев Toyota Camry көлігінде сегіз адам болғанын атап өтті.
"Ереже сақталып, жүргізуші мен жолаушылар қауіпсіздік белдіктерін тағып, көлікте балаларға арналған орындықтар пайдаланылғанда, көлікке төрт адам отыратын еді. Ал апат болған жағдайда бұл құрылғылар өмір мен денсаулықты сақтап қала алар еді", - деді ол.
Сондай-ақ полиция қызметкерінің айтуынша, Renault Duster көлігінің жүргізушісі қауіпсіздік белдігін тақпағаны үшін бір ай бұрын ескерту жасалып, айыппұл салынған.
"Қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айта отырып, апаттың басты себебі көліктің қарсы жолаққа шығып кетуі екенін ескерткім келеді.
Осыған байланысты жол қозғалысы қауіпсіздігі ережелерін сақтап, өз өмірлеріңіз бен балаларыңыздың өміріне жауапкершілікпен қарауларыңызды сұраймын", - деді Дүйсембаев тұрғындарға.
Басылымның жазуынша, жыл басынан бері облыста 164 жазатайым оқиға тіркеліп, 32 адам қаза тауып, 185-і жарақат алған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2025255-mangystau-oblysyndagy-zantursigerlik-apattan-birden-10-adam-qaza-tapty-video/