Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанада қарулы ер адам банкке келушілерді ғимаратта қамап ұстап отыр: оқиға орнында не болып жатыр (фото, видео)

Жарияланған күні:

Читать на русском
Арнайы жасақ
Арнайы жасақ. Фото: Ербол Казистаев

Әлеуметтік желіде Kaspi банк филиалында қарулы ер адамның банк бөлімшесіне келушілерді қамап ұстағаны туралы оқиға орнынан фото-видеолар жариялануда. Кадрлардан оқиға орнына арнайы жасақ келгенін байқауға болады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Telegram-дағы Astanovka98 арнасының хабарлауынша, Достық көшесі, 12 үй тұрғындарынан пәтерлерінен кету сұралған. Ғимарат қоршауға алынған, оқиға орнында арнайы жасақ жұмыс істеп жатыр.

Кейін банк ғимаратына арнайы жасақ қызметкерлері келгені туралы ақпарат пайда болды. Видеолардың бірінен қауіпсіздік күштерінің оқ өтпейтін жилеттерді киіп жатқанын көруге болады.

Журналист Михаил Козачков Telegram-дағы арнасында Kaspi Bank орналасқан ғимараттың айналасын әскерилер мен полиция толығымен қоршап алғанын жазды.

"Операцияны қиындатқан жайт - қарулы адам кепілге алынғандардың бірін ұстап алып, оған тапаншаны тақап ұстап тұр. Ол үстіне оқ өтпейтін жилет киген деп болжануда", - дейді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2025280-astanada-qaruly-er-adam-bankke-kelusilerdi-gimaratta-qamap-ustap-otyr-oqiga-ornynda-ne-bolyp-zatyr-foto-video/