Kaspi Bank қызметкерлерін кепілге алған қарулы ер адам ұсталды
Жарияланған күні:
Kaspi Bank-тің Астанадағы бөлімшесінде бірнеше адамды кепілге алған басқыншы ұсталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Видеодан кепілге алынғандардың қашып шығып жатқанын байқауға болады.
Қауіпсіздік күштері Kaspi Bank ғимаратына баса-көктеп кіріп, басқыншыны ұстады.
Полицияның мәліметінше, кепілге алынғандардың барлығы босатылған. Ешкім зардап шеккен жоқ, деп жазады журналист Михаил Козачков өзінің Telegram-каналында.
Банк бөлімшесін басып алған ер адамды полиция ұстағаны хабарланды.
Кейін әлеуметтік желілерде кепілге алынғандардың кейбірін жедел жәрдем көлігі алып кеткені туралы ақпарат пайда болды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2025286-kaspi-bank-qyzmetkerlerin-kepilge-algan-qaruly-er-adam-ustaldy/