140 адам Астана іргесіндегі қураған шөпті сөндіруде (фото, видео)
Жарияланған күні:
Таңғы 9-дан бері өрт сөндірушілер Астана іргесіндегі қураған шөпті сөндірумен айналысуда. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
ТЖМ мәліметінше, бүгін, 19 маусымда таңғы сағат 09:12-де Астана қаласының ТЖД бөлімшелері құрғақ шөптің өртеніп жатқаны туралы хабарлама бойынша оқиға орнына аттанған.
Келген бойда өрт сөндірушілер Қорғалжын тасжолы мен Қосшы қаласына апаратын айналма жолдың арасында құрғақ шөптің өртеніп жатқанын анықтаған.
Қазіргі уақытта өрт сөндірушілер алдын-ала болжам бойынша 15 гектар аумақта өртті жою жұмыстарын жүргізуде.
"Өртті сөндіру қатты екпінді желдің және жердің батпақтығы салдарынан, сондай-ақ кірме жолдардың болмауынан қиындау түсуде", - делінген хабарламада.
ТЖМ дерегінше, өртті сөндіруге Астана қалалық ТЖД-ның жеке құрамынан 140 адам және 21 техника, әкімдіктің 8 суару машинасы мен "Астана орманның" 10 техникасы жұмылдырылған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2025426-140-adam-astana-manyndagy-quragan-sopti-sondirude-video/