Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанада үш жасар қыз бала 17-қабаттан құлап көз жұмды

Жарияланған күні:

Читать на русском
Терезе қасында отырған бала
Терезе қасында отырған бала. Көрнекі фото: pexels.com

Астанада үш жасар қыз бала 17-қабаттың терезесінен құлап кетті. Оқыс оқиға салдарынан бала көз жұмды, деп хабарлайды елордалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Астана қаласы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, кеше 30 маусымда "102" арнасына Нәжімеденов көшесіндегі үйдің ауласына баланың 17-қабаттан құлап кеткені туралы қоңырау келіп түскен. Оқиға орнына полиция қызметкерлері жеткен.

"Бұл факт расталды. Алған жарақаттарынан үш жасар қыз оқиға орнында көз жұмды. Сараптамалар тағайындалды", - деді Астана полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ведомство ересектерді балалардың қауіпсіздігі үшін сақ болуға шақырып, баланы терезеден құлаудан қалай қорғау керектігін еске салады:

  • бала үйде болса, терезелерді ашық ұстамаңыз;
  • москит торларына ешқашан сенбеңіз, балалар оларға сүйенеді және олармен бірге құлауы мүмкін;
  • бала терезені өз бетімен аша алмайтындай етіп терезелерге арнайы қорғаныс жүйелерін (сырмалар, блокаторлар) орнатыңыз;
  • жиһазды бала оған өздігінен көтеріле алмайтындай етіп терезеден алысырақ қойыңыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2027056-astanada-us-zasar-qyz-17-qabattan-qulap-qaitys-boldy/