Екі серфер Каспий теңізіне батып кете жаздады
Жарияланған күні:
Читать на русскомМаңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері Каспий теңізінде жағалаудан бір шақырымдай жерде ағыс алып кеткен екі серферді құтқарды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми сайтында хабарланды.
Ведомствоның хабарлауынша, 2023 жылғы 7 шілдеде сағат 23.45-те Каспий теңізінің аумағында, атап айтқанда Форт-Шевченко қаласының аумағында Маңғыстау облысы ТЖД жедел-құтқару жасағының құтқарушылары екі серферді құтқарды.
1992 және 1994 жылы туған азаматтар серфинг тақтасымен ашық теңізге шыққан, алайда ауа райының күрт өзгеруіне байланысты серферлер жағадан 800 метрден астам қашықтыққа алыстап кеткен.
Сондай-ақ ТЖД мәліметінше, серферлер құтқару кеудешелерімен қамтамасыз етілмеген. Маңғыстау облысы ТЖД құтқарушыларының жедел іс-қимылдарының нәтижесінде серферлер жағаға аман-есен жеткізілді.
"Құрметті облыс тұрғындары мен қонақтары! Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаменті азаматтарды қырағы болуға және теңізге жүзу құралдарымен шыққан кезде өзімен бірге құтқару кеудешелерін киіп жүруге шақырады. Есіңізде болсын, қарапайым қауіпсіздік ережелерін орындау сіздің өміріңізді сақтайды", - деп ескертті ТЖД.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2027884-eki-serfer-kaspii-tenizine-batyp-kete-zazdady/