Жамбыл облысында кәріз тазарту қондырғысынан екі баланың денесі табылды
Жарияланған күні:
Жамбыл облысы, Шу қаласында желгілікті тұрғын кәріз тазарту қондырғысынан екі баланың денесін алып шыққан. Бұл туралы ТЖМ Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.
Ведомство мәліметінше, 2023 жылғы 9 шілдеде сағат 18.00 шамасында Шу қаласында жергілікті тұрғын кәріз тазарту қондырғысынан 2013 жылы туған екі баланың денесін алып шыққан.
"Ересектердің қарауынсыз қалған балалар ойнап жүріп, суға батып кеткені анықталды", - дейді ТЖМ өкілдері.
Аталған дерек бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалған.
ТЖМ өкілдері ересектерге балаларды қараусыз қалдырмауды, оларға қауіпсіздік ережелерін үйретуді тағы да еске салды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2028066-zambyl-oblysynda-eresekterdin-qarauynsyz-qalgan-eki-bala-suga-batyp-ketti/