Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БҚО-да дала өрті күшейіп, 44 адам қауіпсіз жерге көшірілді

Жарияланған күні:

БҚО-дағы дала өрті
БҚО-дағы дала өрті. Фото: instagram/batysqaz_tjd

Батыс Қазақстан облысында дала өрті елдімекендерге жақындап, 44 адам қауіпсіз аймаққа көшірілді. Бұл туралы өңірдегі Төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бүгін дала өртінің 41 дерегі тіркелген. Оның жиырмасы сөндірілген. Орал қаласында, Ақжайық, Теректі, Бөрлі, Казталов аудандарында және Бәйтерек ауданында 14 өрт ошағы бақылауға алынды.

Теректі ауданында күрделі жағдай қалыптасып отыр. Ал Әйтиев кентіндегі жағдай тұрақтанды Жану алаңы - 50 гектар. 26 гектар мемлекеттік орман қоры және 24 гектар құрғақ шөп, 2 шаруашылық ғимарат.

10 үйдің тұрғындарын қауіпсіз орындарға оқшаулау және эвакуациялау жұмыстары жүргізілуде.

44 адам қауіпсіз орындарға эвакуаланды, оның ішінде 16 бала бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2028104-bqo-da-dala-orti-kuseiip-44-adam-qauipsiz-zerge-kosirildi/