Алматыда фитнес жаттықтырушы қаза тапты
Жарияланған күні:
Читать на русскомАлматыда фитнес жаттықтырушы болып жұмыс істейтін жас жігіт қайтыс болған. Қазіргі уақытта тәртіп сақшылары күдіктілердің кім екенін анықтап үлгерді, деп хабарлайды ІІМ жаңалықтары Telegram-дағы арнасында.
Жас жігіттің қайтыс болғаны туралы ақпарат ол жұмыс істеген фитнес залдар желісінің Instagram-дағы парақшасында жарияланды.
Төребаевтың суреті бар жазбаның астына "Иманды болсын!" деп жазылған.
Фитнес залдың ресми сайтында Дамир Төребаевтың бокстан, сондай-ақ жүзуден (спорт шеберлігіне кандидат) деген сертификаты бар жаттықтырушы болғаны жазылған.
"Криминальный Казахстан" Telegram-арнасының хабарлауынша, бүгін түнде оны атып кеткен.
"19 шілдеге қараған түні Дамир Төребаевты өз пәтерінде атып өлтірді. (...) Ер адамның мас болғаны белгілі болды", - деп жазды арна авторлары.
ІІМ ресми жаңалықтары Telegram-арнасының хабарлауынша, Наурызбай аудандық ПБ-мен қылмыстық іс тіркеліп, Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігіне сәйкес тергеу жүргізіліп жатыр.
Полиция қылмысты ашу мақсатында тергеу жедел тобы құрылғанын, күдіктілер анықталып, оларды ұстау шаралары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.
"Алдын ала мәліметтер бойынша, азамат Т.-мен оның танысының арасында жанжал болған", - деді ІІМ өкілдері.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2029279-almatyda-fitnes-zattyqtyrusy-qaza-tapty/