Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматылық әйел өз-өзіне қол жұмсады

Жарияланған күні:

Бетін басып отырған әйел
Бетін басып отырған әйел. Көрнекі фото: getty/stock photo

Бүгін Алматыда үш баланың анасы, жас келіншектің өз-өзіне қол жұмсағаны белгілі болды. Бұл туралы марқұмның көршісі хабарлады. Оқиғаға қатысты қалалық полиция департамент пікір білдірді.

Үш баланың анасы өз-өзіне қол жұмсап, қаза болғанын Алматы қаласының тұрғыны Facebook-тегі парақшасында хабарлады. Айтуынша, марқұм көршісі болған.

"Үй тұрғындарының және көршілерінің айтуынша, ол жиі тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған. Мен растай алмаймын. Мән-жайды тергеу анықтайды. Алайда адамдар өмірден жайдан-жай кетпейді", - деп жазды әйел.

Бұл оқиғаға Алматы қалалық полиция департаменті пікір білдірді.

Ведомство мәліметінше, аталған дерек Қылмыстық кодекстің 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелген.

"Әуезов аудандық ПБ-на қарасты полиция бөлімінің қызметкерлері 1994 жылы туған Б.есімді азаматтың не себепті қайтыс болғанын анықтауға бағытталған кешенді тергеу шараларын жүргізуде", - делінген полиция департаменті хабарламасында.

Құқық қорғау органы қылмыстық іс бойынша Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейтінін атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2029450-almatyda-us-balasy-bar-aiel-oz-ozine-qol-zumsady/