Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Екібастұзда 18 метр биіктіктен құлаған жұмысшы жансақтау бөліміне жеткізілді

Жарияланған күні:

Жедел жәрдем көлігі
Жедел жәрдем көлігі. Көрнекі сурет: pixabay.com

Екібастұзда жөндеу жұмыстарының қызметкері биіктіктен құлап, ауруханаға жатқызылды. Бұл оқиға облыстық еңбек басқармасында тексерілуде. Бұл туралы Pavlodarnews.kz хабарлады.

Сайттың хабарлауынша, "Богатырь Комир" ЖШС-нің 49 жастағы жол жөндеушісі 18 метр биіктіктен құлап кеткен.

Оның жағдайы туралы Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасында мәлімдеді. Медицина қызметкерлерінің айтуынша, ер адам шұғыл түрде бас-сүйек миының, кеуде қуысының және жамбасының компьютерлік томографиясынан өткен.

Тексеруден кейін ол жансақтау бөліміне жатқызылды.

Бұл ретте облыстық еңбек басқармасының бас инспекторы Асқар Қапанов бұл істің қазір тексеріліп жатқанын айтты.

Еске сала кетейік, бұған дейін "Алжир" музейінде лифт құлап, салдарынан екі әйел жарақат алып, ауруханаға түскені туралы жазған едік.

16 шілдеде елордадағы Травматология және ортопедия ұлттық ғылыми-зерттеу орталығына түрлі дене жарақатын алған екі әйел жеткізілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2029485-ekibastuzda-18-metr-biiktikten-qulagan-zumyssy-zansaqtau-bolimine-zetkizildi/