Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Үстіне сыра төккен: Ақтөбеде бармен қызды саптыаяқпен ұрған ер адам сотталып кетті

Жарияланған күні:

Сыра
Көрнекі фото: retail-loyalty.org

Ақтөбедегі кафелердің бірін тонамақ болған ер адам бармен қызды сыра ішетін ыдыспен ұрған. Бұл туралы "Диапазон" газетіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Аталған оқиға Жанқожа батыр көшесіндегі барлардың бірінде болды. 38 жастағы ақтөбелік тұрғын кафеде спирттік ішімдік ішіп отырған. Кейін көңіл көтеретін нысанда өзінен басқа ешкім қалмағанын байқап, кафені тонауға бекінеді.

Алдымен ол ыдыс толы сырасын бармен қыздың басына құйып жіберген. Кейін оны қорқытып, өзіндегі және кассадағы ақшаны толық алады. Ішімдікке тойып алған тұрғын мұнымен тоқтамай, сыра ішетін ыдыспен қыздың басынан ұрады.

Содан соң ыдыстың сынықтарымен бармен қызды жарақаттап, аяғымен тепкілеп тастаған. Тонаушы азамат ізін суытпай ұсталды.

Сот тонаушыны 4 жылға бас бостандығынан айырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2029896-ustine-syra-tokken-aqtobede-barmen-qyzdy-saptyayaqpen-urgan-er-adam-sottalyp-ketti/