Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте 10 жасар бала су бұрқаққа батып кетті

Жарияланған күні:

субұрқақта ойнап жүрген балалар
Субұрқақ. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Шымкентте су бұрқаққа шомылған бала мерт болды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің Telegram-дағы ресми жаңалықтар арнасында хабарланды.

Ведомствоның хабарлауынша, 24 шілде күні сағат 19:14 шамасында Қаратау АПБ 102 арнасына Әкімдік ғимаратының алдында кәмелет жасына толмаған баланың қайтыс болғаны туралы хабар келіп түскен.

ІІМ мәліметінше, оқиға орнына жедел тергеу тобының қызметкерлері барды. Белгілі болғандай, субұрқақта шомылып жүрген бала байқамай суға батып кетіп, мерт болған. Жасөспірімнің денесінде ешқандай көзге көрінетін дене жарақаттары анықталған жоқ.

"Кәмелетке толмаған баланың өлімі жайтын полиция қызметкерлері сотқа дейінгі тергеп-тексерулерудің бірыңғай тізіліміне тіркеді. Барлық қажетті сараптамалар тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданады", - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, бұған дейін Ақтауда үрмелі матраспен теңіз ортасына ағып кеткен үш қыз бір түннен кейін табылғаны туралы жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2030019-symkentte-10-zasar-bala-suburqaqqa-batyp-mert-boldy/