Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбедегі пәтерден анасы мен баласының денесі табылды

Жарияланған күні:

Читать на русском
Қылмыс орны
Қылмыс орны. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Ақтөбе қаласындағы шағын аудандардың бірінде көпқабатты үйден тұрғындар жағымсыз иіс сезіп, полицияға хабарласқан. Шақыртумен келген тәртіп сақшылары пәтерді ашып, екі адамның денесін тапты, деп жазды "Диапазон" басылымы.

"23 шілдеде Ақтөбе қаласындағы пәтерлердің бірінде 75 жастағы әйел мен 44 жастағы ұлының денесі табылды. Олардың денесінде зорлық-зомбылық белгілері анықталмады. Басқа мәліметтер жария етілмейді", - деп хабарлаған Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметі басылымға.

Басылым жазуынша, пәтер иесі мұғалім болып жұмыс істеген, жалғыз тұрған әйелдің денсаулығы нашар болған, ал баласы оған арасында келіп тұрған.

"Жағымсыз иіс шыға бастағанда полиция шақырдық. Полиция келіп, бәрін қоршап тастады, денелерін алып кетті", - дейді көршілері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2030461-aqtobedegi-paterden-anasy-men-balasynyn-denesi-tabyldy/