Сейсмологтар Алматыдан 316 км қашықтықта жер сілкінісін тіркеді
Жарияланған күні:
Читать на русскомСейсмологтар кеше түнде Алматыдан 316 км қашықтықта магнитудасы 4,8 болатын жер сілкінісін тіркеді. Бұл туралы Қазақстан Төтенше жағдайлар министрлігі "СОМЭ" ЖШС ресми сайтында хабарланды.
Қазақстан Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты "СОМЭ" ЖШС сейсмикалық стансалар желісі 2023 жылғы 30 шілде күні Алматы уақыты бойынша сағат 02:58-де жер сілкінісін тіркелді.
Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 316 км қашықтықта Қырғызстан аумағында орналасқан.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы 11.2. MPV магнитудасы 4,8. Тереңдігі 15 км. Сезілу деңгейі туралы ақпарат (MSK-64 шкаласы бойынша) жоқ.
Құтқарушылар жер сілкінісі кезінде не істеу керектігін айтты:
- ғимараттан шығыңыз (15-20 секунд ішінде);
- егер сіз жоғарғы қабаттарда болсаңыз, есіктің саңылауында тұрыңыз немесе балаларды құшағыңызға алып, негізгі қабырғалардың бұрышына отырыңыз;
- ешбір жағдайда терезелер маңында тұрмаңыз және балкондардан секірмеңіз;
- ғимараттардан, құрылыстардан, бағаналардан және қоршаулардан алысырақ болыңыз;
- үйлерге кірмеңіз: жер асты дүмпулері қайталануы мүмкін;
- лифттерді пайдаланбаңыз; сіріңке, шам жақпаңыз, сымдарды ұстамаңыз;
- зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсетіңіз.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2030571-seismologtar-almaty-manynda-zer-silkinisin-tirkedi/