Адамдар терезеден секірген: Алматыда 16 қабатты үйлердің бірі өртеніп жатыр (фото, видео)
Жарияланған күні:
Алматыдағы "Ақкент" ықшамауданында 16 қабатты үйлердің бірі өртеніп жатыр. Желіде оқиға орнынан түсірілген кадрлар жарияланды - онда адамдардың терезеден секіріп жатқанын көруге болады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Оқиға орнына жедел жәрдем мен өрт сөндіру көліктері келіп жеткен. Әзірге зардап шеккендер туралы нақты ақпарат жоқ.
Алматы Төтенше жағдайлар департаментінен бұл жайтқа қатысты ақпарат күтіп отырмыз. Әзірге оқиғаның мән-жайы мен зардап шеккендерге қатысты ресми ақпарат берілмеді.
Адамдарды жоғарғы қабаттардан қауіпсіз жерге шығарып жатыр. Жедел жәрдем көлігі зардап шеккендерге көмек көрсетуде, оқиға орнында адамдардың жылаған дауысы естіледі.
Алдын ала мәлімет бойынша лифт шахтасы өртке оранған болуы мүмкін.
Қазіргі уақытта өртеніп жатқан 54 үй екені белгілі болды.
Куәгерлердің сөзіне сенсек, тұрғындардың бірі өртенген үйдің терезесінен секіріп құлаған.
"Тым құрымағанда матрсақа құласа екен", - деп алаңдаушылық білдірді оқиғаны видеоға түсіріп тұрған тұрғындардың бірі.
Ескерту: Видеоны жүрегі әлсіз адамдар мен жүкті әйелдерге қарау ұсынылмайды!
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2030880-almatydagy-16-qabatty-uilerdin-biri-ortenip-zatyr/