Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Екі адам көз жұмып, тағы екеуі жарақат алған: Түркістан облысында белгісіз біреулер оқ атып, қашып кеткен

Жарияланған күні:

Полицей көлігі
Полицей көлігі. Көрнекі фото: pixabay.com

5-тамызда Түркістан облысындағы қарулы шабуылдан екі адам қаза тауып, екі адам жарақат алған. Полицейлер оқ атты деген күдіктілерді ұстау бойынша іс-шаралар жүргізуде. Бұл туралы ІІМ жаңалықтары Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

Ведомство мәліметінше, 5 тамызда екі белгісіз адам Арыс қаласында салынып жатқан үйдің аумағына кіріп, белгісіз қарудан оқ атып, қашып кеткен.

"Үйдің иесі және оған құрылыста көмектескен танысы алған жарақаттарынан қайтыс болды. Сондай-ақ құрылысқа көмектескен екі ер адам оқ жарақатын алды. Олар ауруханаға жеткізілді", - делінген хабарламада.

Полиция ақпаратынша, қазіргі уақытта арнайы жедел-тергеу тобы құрылды. "Ұстау" жоспары құрылып, күдіктілердің жеке басын анықтау мен оларды ұстау бойынша қажетті іс-шаралар жүргізілуде. Болған оқиғаның барлық жағдайы анықталуда.

Тергеу барысы Түркістан облысы полиция департаменті басшылығының жіті бақылауында.

Ведомство Қылмыстық процестік кодекстінің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етілмейтінін мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2031417-eki-adam-koz-zumyp-tagy-ekeui-zaraqat-algan-turkistan-oblysynda-belgisiz-bireuler-oq-atqan/