Алматы облысында медбикені өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды
Жарияланған күні:
Бүгін Алматы облысындағы Қарасай ауданында жұмыс орнында дене жарақатын алған медбике қайтыс болды. Әйелге дене жарақатын салды деген күдікпен ер адам ұсталды, деп хабарлады ІІМ Telegram-дағы ресми арнасында.
Ведомство мәліметінше, 7 тамыз күні сағат 17:00 шамасында Қарасай ауданының ауруханасына кеуде қуысының жарақатымен 45 жастағы әйел түскенін, кейін ол алған жарақаты салдарынан қайтыс болғанын хабарлаймыз.
“Аталған дерек Қылмыстық кодекстіңтің 99-бабы (Кісі өлтіру) бойынша аудандық полицияда тіркелді. Арнайы іс-шара барысында тәртіп сақшылары 42 жастағы Кошмамбет ауылының тұрғыны болып табылатын күдіктінің жеке басын анықтап, оны бір сағат ішінде “ізін суытпай” ұстады. Қазіргі уақытта аталған деректі тергеудің толықтығын, жан-жақтылығын және объективтілігін қамтамасыз ету мақсатында сот- медициналық сараптама тағайындаумен тергеу іс-шаралары жүргізілуде”,- деп хабарлады полицияда.
Полиция қылмыс марқұм әйелдің жұмыс орнында жасалғанын атап өткен жөн.
ІІМ өкілдеріне ұсталған адам оқиға әйелдің кәсіби қызметіне байланысты емес, жеке қарым-қатынас салдарынан орын алғанын айтқан.
Құзырлы орган Қылмыстық процестік кодекстің 201-бабы бойынша өзге ақпарат жария етуге жатпайтынын мәлімдеді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2031572-almaty-oblysynda-qaza-tapqan-medbikege-dene-zaraqatyn-saldy-degen-kudikpen-er-adam-ustaldy/