Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте әйелді қағып кетіп, мерт қылған полицей қамауға алынды

Жарияланған күні:

ІІМ қызметкерлерінің иық белгісі
ІІМ қызметкерлерінің иық белгісі. Көрнекі фото: t.me/POLICE_of_KZ

Шымкентте екі жаяу жүргіншіні қаққан полиция қызметкері қамауға алынды. ІІМ жол-көлік оқиғасына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды ведомство Telegram-дағы ресми арнасында.

Ведомство мәліметінше, 3 тамызда Байтұрсынов көшесінің бойында Тұран АПБ-ның жүргізуші-полицейі жаяу жүргіншілер өткелінде екі адамды қағып, жол апатына ұшыраған.

"Салдарынан анасы мен қызы әртүрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді. 7 тамыз күні әйел жансақтау бөлімінде есін жимастан қайтыс болды", - деді Шымкент қаласы ПД-ның аға инспекторы Бақдәулет Уразбаев.

Қазір жол-көлік оқиғасына қатысты Қылмыстық Кодекстің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

ІІМ қызметтік тексеру нәтижесінде тәртіп сақшысы Ішкі істер органдарынан босатылып, қазір ол уақытша ұстау изоляторына қамалғанын мәлімдеді.

Қылмыстық іс материалдары айыптау актісімен бірге сотқа жолданады.

Облыстық ПД дерегінше, тергеу барысы полиция департаментінің бастығы Қайрат Далбековтің қатаң бақылауында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2031581-symkentte-aieldi-qagyp-ketip-mert-qylgan-policei-qamauga-alyndy/