Астанадағы "Евразия" сауда орталығында шыққан өртті 70-ке жуық адам сөндірді (фото)
Жарияланған күні:
Читать на русскомБүгін Астанадағы "Евразия" сауда орталығында өрт болды - өртті 70-ке жуық адам сөндірді, деп хабарлайды Қазақстан Төтенше жағдайлар министрлігі ресми Telegram-арнасында.
9 тамыз күні сағат 15:57-де Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру бөлімшелері "Евразия" сауда орталығындағы өртті сөндіруге шықты.
Өрт сөндірушілер бірінші қабаттағы 20 шаршы метр аумақта заттар мен бутик қабырғасының қаптамасы өртеніп жатқанын анықтады.
Өрт 16:11-де оқшауланып, 16:33-те сөндірілді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.
Өртті сөндіруге елорданың Төтенше жағдайлар департаментінен жеке құрамның 68 адамы мен 14 техникасы жұмылдырылды.
Өрт кезінде не істеу керек
Egov.kz порталы өрт кезінде бөлмеде, көпқабатты үйде, адамдар көп жерде не істеу керетігі тұрғысынан нұсқаулық ұсынды:
- егер өрт кішігірім ғана болса, барлық қолжетімді құралдармен өртті өзіңіз сөндіруге тырысыңыз: өрт сөндіргіштермен, қалың шүберекпен, құммен, гүл құмыраларының топырағымен, сумен және т.б.;
- сым жанып жатса, арнайы қалқандағы қуат көзін өшіріңіз;
- өрт шыққаны туралы көршілеріңізге немесе кеңседе болсаңыз, басқа қызметкерлерге дереу хабарлап, эвакуациялауды бастаңыз;
- электр жабдығын өшіріңіз;
- мүмкін болса, бөлмеден есікті жауып шығыңыз;
- балалар мен қарт адамдардың сыртқа шығуына көмектесіңіз;
- кіре берісте немесе дәлізде түтін болған кезде, сыртқа еңбектеп шығыңыз;
- қауіпсіз жерге шығыңыз;
- үй-жайдан баспалдақпен шығу мүмкін болмаса, түтін кірмейтіндей сыртқы есікті ішінен дымқыл шүберекпен жабыңыз, содан кейін балконға шығып, өрт сөндіру қызметінің келуін күтіңіз;
- терезелерді және есіктерді жабыңыз, бұл өрттің азынаған желден өршіп кетпеуінің алдын алады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2031874-astanadagy-evraziya-sauda-ortalygynda-syqqan-ortti-70-ke-zuyq-adam-sondirdi-foto/