Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жетісу облысында жедел жәрдем көлігі апатқа ұшырап, екі адам қаза тапты

Жарияланған күні:

Апатқа ұшыраған жедел жәрдем көлігі
Апатқа ұшыраған жедел жәрдем көлігі. Оқиға орнынан фото: t.me/POLICE_of_KZ

Жетісу облысында жедел жәрдем көлігі жүк көлігіне соқтығысып, салдарынан жүргізуші мен фельдшер қайтыс болды. Бұл туралы Telegram-дағы Polisiа.kz жаңалықтар арнасы хабарлады.

Полиция мәліметінше, жол апаты Ақсу ауданында жергілікті маңызы бар Көлтаба - Матай тасжолында болған. Белгілі болғандай жедел жәрдем көлігі мен "Урал" жүк көлігі соқтығысқан.

"Жол-көлік оқиғасына жедел жәрдем көлігінің 57 жастағы жүргізушісі кінәлі екені анықталды, ол рөлді басқара алмай, жол бойында тұрған жүк көлігіне соқтығысқан.

ЖКО салдарынан жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі мен 54 жастағы жергілікті фельдшер оқиға орнында көз жұмды", - делінген хабарламда.

Полиция бұл факті бойынша қажетті сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу басталғанын атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2033019-zetisu-oblysynda-zedel-zardem-koligi-apatqa-usyrap-eki-adam-qaza-tapty/