Алматы-Екатеринбург тас жолындағы жол апатында үш адам қаза тапты
Жарияланған күні:
Кеше Алматы-Екатеринбург тас жолының 770 шақырымында болған жол апатында үш адам қайтыс болып, тағы екеуі ауруханаға жеткізілген. Бұл туралы ІІМ жаңалықтары Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.
Ведомство хабарлауынша, 20 тамызда сағат 19:45 шамасында Алматы-Екатеринбург тас жолының 770 шақырымында 47 жастағы Lexus LX470 жүргізішісі көліктің басқаруына ие бола алмай қалып аударылған.
"Салдарынан 46 жастағы көліктің жолаушысы оқиға орынында қаза тапса, көліктің жүргізушісі және 35 жастағы жолаушы жедел жәрдем көлігінде қаза тапты. Сондай-ақ екі жолаушы ауруханаға жеткізілді", - деп хабарлады ведомстводан.
ІІМ мәліметінше, дерек полицияда тіркелген. Тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізілуде
Полиция көлік жүргізушілерден жылдамдықты шектен тыс асырмай, жол жүргенде демалыс режимін сақтап, жол жүру ережелеріне қатаң бағынуға шақырды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2033261-almaty-ekaterinburg-tas-zolyndagy-zol-apatynda-us-adam-qaza-tapty/