Ақтауда алтыншы қабаттан үстіне жиһаз құлаған ер адам сегіз айдан кейін қайтыс болды
Жарияланған күні:
Осы жылдың қаңтар айында алтыншы қабаттан үстіне жиһаз құлап, сал болып қалған ер адам кеше қайтыс болды. Ер адамның қайтыс болғанын ағасы хабарлады, деп жазады Lada.kz басылымы.
Басылым мәліметінше, ағасы сегіз ай бұрын үстіне жиһаз құлаған туысының қайтыс болғанын 26 тамызда дәрігерлерден естіген.
"Біз Германия, Ресейден мамандар шақырттық, өйткені Қазақстаннан бірде-бір дәрігер оны терісінің ойылуына байланысты қабылдамады. Біз қайда бармадық", - деді ағасы.
Еске салайық, осы жылдың қаңтар айында 11-шағын ауданда №41 үйден өтіп бара жатқан адамның ұстіне жиһаз құлаған. Оқиғаға өатысты құқық қорғау органдары қылмыстық іс қозғаған еді.
Қаңтар айының соңында ота жасауға Астанадан дәрігерлер келген. Кейін дәрігерлер ер адам сал болып қалғанын жеткізген еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2034146-aqtauda-ustine-altynsy-qabattan-zihaz-qulagan-er-adam-segiz-aidan-keiin-qaitys-boldy/