Қостанай облысында улы саңырауқұлақтан уланған ер адам көз жұмды
Жарияланған күні:
Читать на русскомҚостанайлық жедел жәрдем қызметкерлері улы саңырауқұлақ жеген ер адамның көз жұмғанын айтты. Бұл туралы облыстық жедел жәрдем стансысының өкілдері Instagram-дағы ресми парақшасында хабарлады.
Медицина қызметкерлерінің айтуынша, хабарлама сағат 23:56-да келіп түскен. Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем қызметкерлері 1977 жылы туған ер адамның көз жұмғанын тіркеген.
Олардың пайымдауынша, өлімге әкеп соқтырған болжамды фактор – улы саңырауқұлақтан улану.
Марқұмның әйелі ол бұған дейін улы саңырауқұлақ пайдаланғанын, ал көз жұмған күні таңертең көзіне әлдене елестегенін айтты. Кешкі уақытта марқұмның жақындары үйінде жатқан ер адамда тіршілік белгісі жоқ екенін байқаған.
Бұл ретте Қостанай облыстық жедел жәрдем стансасының өкілдері жақында бұған дейін де облыста дәл осындай жағдайдың болғанын еске салды. Ол кезде зейнеткер қант диабетіне ем ретінде бірнеше улы саңырауқұлақ жеген. Қуанышқа орай, ол аман қалды.
"Улы саңырауқұлақта удың түр-түрі кездеседі. Ең танымалы – қан тамырын кеңейтіп, жүрек қызметінің төмендеуін тудыратын мускарин. Ол өкпе ісінуі мен тұншығудан өлімге әкеліп соғуы мүмкін.
Улы саңырауқұлақтың тағы бір қорқынышты құрамы – ол психотроптық әсерге ие және жоғары концентрацияда ми жасушаларының өліміне әкелетін иботен қышқылы. Ақ улы саңырауқұлақ пен бозғылт қарақұйрықтардың (бұл саңырауқұлақ та шыбынжұттың бір түріне жатады) құрамында өлімге әкелетін аматоксиндер мен фаллотоксиндер – бауырды тез бұзатын заттар бар", – деп ескертті мамандар.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2035431-qostanai-oblysynda-sybynzuttan-ulangan-er-adam-koz-zumdy/