Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтауда салынып жатқан үйдің тақтасы опырылып, еденді жарып өткен

Жарияланған күні:

Читать на русском
Төбеден құлаған шатыр
Төбеден құлаған шатыр. Видеодан кадр: lada.kz

Ақтаудағы үй құрылысы кезінде жоғарғы қабаттың бір бөлігі опырылып, салдарынан еденді жарып өткен. Құрылысшы әлеуметтік желіге жарылған еденнің видеосын жариялады. Жағдайға қатысты облыс әкімдігі түсініктеме берді, деп хабарлайды Lada.kz.

Басылымның хабарлауынша, құрылысшы салынып жатқан үйдің опырылған еденін видеоға түсірген. Оның айтуынша, ғимараттың ішінде тақталар құлап, өзі оның астында қалып кете жаздаған.

"Мынау менің бөлмем, міне. Құжаттарым мен заттарым осы жерде. Бетон құлады үстіме. Шығып кеттім соның астынан, жолым болды. Заттарымды жинастырып, жұмыс орнына шығып кетіп едім. Әне, көрпе-төсек бәрі кетті", – дейді құрылысшы видеода.

Облыс әкімдігі 29А ықшамауданында болған жайтқа қатысты пікір білдірді.

Ведомство мәліметінше, құрылыс жүргізуші - Caspian Mega Construction ЖШС.

Құрылыс және сәулет бақылау басқармасында аталған құрылыс нысанының сәулет-жоспарлау тапсырмасы, келісілген алдын ала жобасы, жұмыс жобасына қатысты жеке сараптаманың оң қорытындысы, құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы хабарлама бар екенін растаған.

Облыстың бас мемлекеттік құрылыс инспекторы оқиға орнына келіп, тексеру жұмыстарын жүргізуге шешім қабылдады. Басылым құрылыс-монтаждау жұмыстарының жоспарға сәйкес орындалғаны, сондай-ақ құрылыс материалдарының сапасы тексерілетінін атап өтті.

"Құрылыс төмен сапалы материалдарды пайдаланып, құрылыс-монтаждау жұмыстары заң бұзушылықтармен жүргізілуі мүмкін. Тақтада көлденең немесе қиғаш жары болуы ықтимал, бұл оның опырылуына әкеліп соқты. Жоғарғы тақтаның сынықтары құлап, төменгі тақталарды қиратқан", – деп түсіндірді басқармада.

Апат 3 қыркүйекте болған, бірақ видео әлеуметтік желіде пайда болғанға дейін техникалық қадағалау бұл оқиғаға қатысты пікір білдірмеген көрінеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2035442-aqtauda-qurylyp-zatqan-uidin-plitasy-opyrylyp-edendi-zaryp-otti/