Атырау облысында көлік жүргізушісі ауруханаға ер адамның денесін әкелген
Жарияланған күні:
Атырау облысындағы Доссор ауылындағы ауруханаға тұрғын қаза тапқан ер адамның денесін әкелген. Ер адамның оқыс оқиға салдарынан қайтыс болғаны белгілі болды. Бұл туралы облыстық ПД Instagram-дағы ресми парақшасында хабарлады.
12 қыркүйек күні сағат 20:50 шамасында Мақат ауданы полиция бөлімінің кезекші бөлімшесіне Доссор ауылдық ауруханасынан белгісіз ер адам жол-көлік оқиғасын жасап, белгісіз мүрдені әкеліп тұрғандығы жөнінде хабарлаған.
"Тексеру жұмыстары кезінде Toyota маркалы автокөлігінің 1994 жылы туған жүргізушісі Құлсары-Атырау бағытындағы тас жолда Доссор кентінде орналасқан газ жанармай бекеті тұсында 1 топ мүгедегі 1964 жылы туған азаматты қағып кеткені анықталды", - делінген хабарламада.
Облыстық ПД ақпаратынша, соққы салдарынан азамат оқиға орнында қаза тапқан.
Қазіргі таңда аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігімен қылмыстық іс тіркелді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2036580-atyrau-oblysynda-kolik-zurgizusisi-auruxanaga-er-adamnyn-denesin-akelgen/