Ақтөбеде ломбардқа жасалған қарақшылық шабуыл видеоға түсіп қалды
Жарияланған күні:
Ақтөбелік полицейлер микроқаржы ұйымына жасалған қарақшылық шабуылды ашты, деп хабарлайды Telegram-дағы ІІМ жаңалықтары арнасы.
Ведомство мәліметінше, оқиға 15 қыркүйек күні кешкі уақытта болған.
Анықталғандай, ломбардқа медициналық бетперде мен күннен қорғайтын көзілдірік киген белгісіз адам кіріп, қызметкерді тапаншаға ұқсас затпен қорқытып, кассадан 1 млн теңге сомасында қаражатты алып, белгісіз бағытта қашып кеткен.
Кейін полиция қызметкерлері күдікті ретінде тұрғылықты жері бойынша 42 жастағы ер адамды анықтап, ұстаған.
Құзырлы орган қазіргі таңда бұл факті бойынша Қылмыстық кодекстің 192-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатқанын атап өтті. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2037077-aqtobede-lombardqa-zasalgan-qarasylyq-sabuyl-videoga-tusip-qaldy/